Президент үндеуі

 

 
 Қазіргі таңда Орталық Азия елдерінің азық-түлік нарығы шапшаң дамуда. Сүт өнімдері мен ұн өнеркәсібі өнімдерімен қатар өсімдік майын өндіру қарқынды өсіп келеді. Бұған себеп – сұраныс, бұл экономиканың тұрақты дамуы мен өмір сүру деңгейінің көтерілуі арқасында мүмкін болып отыр. Алайда бүгінгі таңда нарық өнімнің сапасына қатаң талаптар қойылып отыр. Мұндай кезде өндірушілердің сапасы нашар тауар өндіруге құқығы жоқ, олай болған жағдайда ол сәтсіздікке ұрынады. «Шымкентмай» АҚ істің осындай боларын алдын ала болжап, осыдан бірнеше жыл бұрын өндірісті ауқымды жаңғыртуды бастады. Бүгінде біздің майларымыздың табиғи құрамы тағам дайындау үдерісін жақсартуға, тағамның дәмді де пайдалы болуына мүмкіндік беріп отыр. Біз өндіретін майдың құрамында көптеген алыс және жақын шетелдік мемлекеттерде үйреншікті болып есептелінетін жасанды ингредиенттер жоқ. 
 
«Шымкентмай» АҚ-ның технологиялық өндрісі толықтай қалдықсыз: шрот пен дән қауызы мал шаруашылығына арналған жемшөп өндірісінде қолданылса, майдың бір бөлігі өзінің сипаттамасы жағынан жасанды майлар негізінде дайындалатын сабыннан әлдеқайда асып түсетін жоғары сапалы шаруашылық сабынын өндіруде қолданылады. 
 
Біз өз қызметіміздің артықшылықтарын әрбір тұтынушының экологиялық таза отандық өнімді тұтыну мүмкіндігі арқылы, өмірдің жаңа сапасын қамтамасыз етуден көреміз. 
«Шымкентмай» АҚ-ның жетістігі ең алдымен осында жұмыс істейтін мамандарға байланысты. Өндірістегі әрбір адам өз жұмысының жауапкершілігін ұғынып, әркез өзін жетілдіріп отырады. Біз жыл өткен сайын өз өніміміздің сапа деңгейін арттыруға талпынамыз, себебі біз үшін ең басты құндылық тұтынушылардың мүддесі болып табылады. 
 
Құрметпен,
«Шымкентмай» АҚ-ның Президенті
Данияр Жолдиярұлы Адирбеков

 

Tel.: +7 7252 538382

Fax:  +7 7252 538688

E-mail: shymkentmay@donya.kz

Қоңырауды тапсырыс беру

  • Kazakh translation is still missing. Please consider to contribute by writing and sharing your own translation. Learn more.
 
captcha
Reload