Кәсіпорын тарихы

 

Компанияның тарихы Чимкент май комбинаты ашылып, іске қосылған сәттен, яғни 1942 жылдан бастау алады. Еліміз соғыстан кейін қалпына келіп, оның өнеркәсіптік әлеуеті өсті, біздің комбинат та өсті. Бастапқыда тәулігіне 280 тонна мақта тұқымын өңдеуге есептелінген өндірістік қуаты жыл санап 1150 тоннаға дейін өсті. Көп ұзамай компания өз саласында Орта Азияда көшбасшы бола білді, майлы дақылдарды өңдеудің жаңа түрлерін игерді, бірнеше рет өндірісті жаңғыртуды жүргізді. Кәсіпорын күнбағыс, мақсары, соя, рапс, қыша және қышабас бұршақтары тұқымдары секілді басқа дақыл түрлерін өңдеу технологиясын егеру есебінен шығарылатын өнімнің ассортиментін кеңейтті. Техникалық-экономикалық көрсеткіштері айтарлықтай ұлғайды, бұл бұрынғы КСРО аумағында кәсіпорынның алдыңғы қатарлы орындардың бірін тұрақты ұстап тұруына мүмкіндік берді. 
Кеңес Одағының ыдырауына байланысты ауыр күндер бастау алған шақта өндірістік қуат төмендеп, кәсіпорын жабылудың сәл-ақ алдында болды. Алайда, басшылықтың нақты әрекеттерінің, қызметкерлердің төзімділігі мен шын берілгендіктерінің арқасында комбинат сақталып қалды. 
1993 жылы Чимкент май комбинаты базасында «Шымкентмай» акционерлік қоғамы құрылды. Толық емес 20 жыл жұмыс ішінде кәсіпорын өз қуатын толықтай қалпына келтіріп, тіпті бұрынғы көрсеткіштерінен асып түсті. Бүгінгі таңда «Шымкентмай» АҚ Қазақстан Республикасы аумағында май өндіру саласының ең ірі өкілі болып табылады. Кәсіпорын қалдықсыз технология бойынша жұмыс істейді. «Шымкентмай» АҚ өндірістік қызметінің негізгі түрлері болып табылатындар: өсімдік майлары мен күнжара өндіру, сондай-ақ кір сабын шығару. Жүздеген мың қазақстандықтар «Шымкентмай» өнімдерін бағалап, тұрақты сатып алады.
 

 

Tel.: +7 7252 538382

Fax:  +7 7252 538688

E-mail: shymkentmay@donya.kz

Қоңырауды тапсырыс беру

  • Kazakh translation is still missing. Please consider to contribute by writing and sharing your own translation. Learn more.
 
captcha
Reload