Қазақстан және Өзбекстан елдері 2018 жылғы 15-16 қараша күндері Өңіраралық ынтымақтастық форумын өткізді

«Шымкентмай» АҚ осындай форматтағы Бірінші форумға қатысты, онда екі елдің премьер-министрінің бірінші орынбасарлары деңгейінде өткізу туралы шешім қабылданды. Делегацияны Қазақстанның премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин және Өзбекстан елінің премьер-министрінің бірінші орынбасары Ачилбай Раматов басқарды.
Форумның тақырыбы өнеркәсіптік кооперация болды. Оның мақсаты - екі елдің өңірлері арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдете түсу. Форумның жұмысына Өзбекстаннан 200-ге жуық қонақ, оның ішінде 60-тан астам өзбек компанияларының өкілдері қатысты. Қазақстан тарапынан 200-ден астам адам ат салысты, олар мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар мен отандық кәсіпорындар өкілдері.

Толығырақ...

29-30 маусым «Ontustik onimderi» көрме-жәрмеңкесі 2018ж.

Шымкентте отандық тауар өндірушілердің көрме-жәрмеңкесі өтті. Көрмеде Шымкент және Түркістан облысының әкімдерінің қатысуымен келген  қонақтарға қазақстандық кәсіпорындарда шығарылған  көп түрлі тауарлар түрі  ұсынылды. Бұл көрмеге «Шымкентмай» АҚ-да  қатысты. Кәсіпорында шамамен 700 адам жұмыс істейді. Компанияның өнімдері нарықта өз орындарын ұзақ және сенімді түрде иеленген.

Толығырақ...

Біріктірілген Менеджмент Жүйесінің - халықаралық стандарттарының жаңартылған нұсқаларына көштік

«Шымкентмай» компаниясы ISO9001: 2015, ISO 14001: 2015 халықаралық стандарттарының жаңартылған нұсқаларына сәтті көшті. 2018 жылдың 12 ақпанынан бастап 16 ақпанына дейінгі кезеңде компания осы стандарттарға сәйкес сыртқы аттестаттау аудитін өткізді.
Инспекциялау, сараптау, тестілеу және сертификаттау саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылатын «SGS Kazakhstan LTD» халықаралық компаниясының сыртқы аудиторлар командасы сапа менеджменті жүйесінің, экологияның, азық-түлік қауіпсіздігі мен энергияны басқарудың БМЖ-н тексеріп, сәтті өткенін растайды.

Толығырақ...

Қазақстан - Өзбекстан бизнес форумы

22 мамырда Шымкентте іскерлік байланыстарды дамыту мақсатында Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумы өтті, онда Қазақстан мен Өзбекстанның 400-ден астам кәсіпкерлері қатысты. Қатысушылардың бірі - «Шымкентмай» АҚ
Бизнес-форумның ұйымдастырушысы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінің қолдауымен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы болды

Толығырақ...

 

Tel.: +7 7252 538382

Fax:  +7 7252 538688

E-mail: shymkentmay@donya.kz

Қоңырауды тапсырыс беру

  • Kazakh translation is still missing. Please consider to contribute by writing and sharing your own translation. Learn more.
 
captcha
Reload