13.08.2013ж. ОҚО әкімі мен «Шымкентмай» АҚ арасындағы бизнестің біріккен әлеуметтік жауапкершілігі шегінде әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру өзара ынтымақтастық туралы меморандумына қол қойды. Меморандумның мақсаты ОҚО-да «Шымкентмай» АҚ 2 млн теңгеге әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру болып табылады.
Қалыптасқан дәстүр бойынша кәсіпорындар ОҚО облысындағы балаларға көмек ретінде біздің кәсіпорын ОҚО Төле би ауданы «1 Мамыр» ауылындағы №2 Төле би балалар үйіне көмек көрсетуді шешті. Жобаның бастамашысы АҚ президенті Адирбеков Д.Ж. Оқу жылының басында, 1 айдың ішінде үлкен жұмыстар атқарылды, соның ішінде Жолдияр Адирбеков атындағы бірінші отряд тәрбиеленушілері оқитын және демалатын бөлмелері үшін ғимаратқа капиталды жөндеу жұмыстары жүргізілді (шатыр толығымен ауыстырылды). Бұл ғимарат- балалардың уақыттарының көп бөлігін өткізетін жер, онда сабақ оқып және бір-бірімен қарым-қатынаста болады. Капиталды жөндеуден басқа, бөлмелерде жайлылық жағдайын туғызып, жеке тапсырыс бойынша жиһаз жасатып, перде тіктіріп, оқу сыныбын құрдық, паластар төсеп және теледидар және DVD-плейер алдық. Балалар үйіне көрсетілген көмектің жалпы сомасы 3 млн 200 мың теңгеден астам. Балалар- бірінші отрядтың тәрбиеленушілері, өздерінің «жаңа» үйлерінің ашылу салтанатына байланысты акт залында «Шымкентмай» АҚ үшін концерттік бағдарламалар ұйымдастырды, АҚ президенті Адирбеков мырзаға алғыс хат және өздерінің қолдарымен жасаған сыйлық ұсынды.
«Шымкентмай» АҚ балалардың күлімдеген көздеріне қарап, алдарына қойған мақсатты дұрыс деп, ал тапсырманы орындалды деп есептеді!