Ресей және жаңа тәуелсіз мемлекеттермен сауда жасау бойынша "РОТОБО" қауымдастықтың Жапондық делегациясы Шымкент қаласына «Шымкентмай» АҚ үшін кеңес беру басқарушылық жобасын іске асыру үшін келді. Делегация құрамына 3 адам кіреді, оны профессор 4D Management кеңес беру компаниясының президенті Ташикико Танизава басқарады. Бұл жоба көлемінде кәсіпорынның топ-менеджменті шешетін «Шымкентмай» АҚ негізгі бөлімшелердің нағыз проблемалары мен міндеттерін айқындауы жоспарлануда.
Кәсіпорынның ағымдағы күйін алдын ала зерттеу нәтижелері бойынша Жапондық жақ былай деп шешті, «Шымкентмай» АҚ өзінің коммерциялық әлеуетін ішкі және сыртқы нарықтарда тиімді іске асырады, ал бұл өз кезегінде аймақтық экономика көтерілуі мен Қазақстанның жалпы өсуіне ықпал етеді.