Жемшөптік бұршақ шроты – ақуыздар, көмірсутектер мен липидтерді құрайтын құнды жемшөптік өнім. Оны жануарлар тағам мөлшеріне тікелей енгізу арқылы қолданады, сонымен қатар ол құрама жем өнеркәсібіндегі құрама жем өндірісі үшін құнды шикізат болып келеді. Бұршақ шроты жартылай, кейбір кезде толығымен тұщы судағы және теңіз балықтарының тағам мөлшерінде қымбат тұратын ақуыз қорлары, балық ұнының орнына жүреді, яғни, оның аминоқышқылдық құрамы толығымен балықтардың көптеген түрлерінің қажеттіліктерін қанағаттандырады. Бұршақ шроты минералды заттар, аминоқышқылдар мен ақуыздардың кең тараған жиынтығын құрайды. Түрлі құрама жемдер үшін негіздеме ретінде пайдаланады. Ауыл шаруашылық жануарлардың жем беруіне арналған өсімдіктерден пайда болған жоғары сапалы өнімдерінің бірі болып табылады. Бұршақ шроты жақсы қорытылады, ал өзінің биологиялық құндылығы бойынша ол жануар тектес ақуыздарға жақын. Ауыл шаруашылық жануарлар, құстар мен балықтардың барлық түрлерінің негізгі тағам мөлшеріне 35% бұршақ күнжарасын енгізу ұсынылады. Ауыл шаруашылық, құс шаруашылығы мен балық шаруашылықтарында бұршақ шротын қолдану жоғары бағалы жемшөптерді сатып алуына экономия жасайды және балыққа, құстарға және жануарларға өсімдік ақзаты бар, жоғары энергетикалық жеммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Күнжара тез қорытылады, өзінің биологиялық құндылығы бойынша жануар тектес ақуыздан кем емес. Жоғарыда атап өткен қасиеттері арқылы бұршақ шроты төлдің өсуін, сауым сүт көбеюін, сүттің сапасын едәуір жоғарылатуын қамтамасыз етеді. Яғни ол аминоқышқылдардың бүкіл тобын құрайды, мысалы лизин, треонин, триптофан, изолейцин, бұршақ шроты иммунитетті бекітеді, ауыршаңдықты азайтады, және жануарлардың аурушаңдығы мен өлімін кемітеді.