Мақсары майы «SAFFI» 0,25л.

Мақсары майы «SAFFI» 0,5л.

 

Мақсары майы аспаздармен өте жақсы бағаланады:

Біріншіден, оның құрамында көптеген басқа өсімдік майларына қарағанда, артық қанық-паған май қышқылдары бар, екіншіден, түтін түзудің  өте жоғары температурасына ие болады, әсіресе, фритюрде өнімдерді қуыру үшін жақсы, ал үшіншіден, мақсары майы тіпті өте қатты салқындатқанда да қатырмайды, яғни, суықтай берілетін  салаттарға қосуда таптырмайтын өнім. Ол адам ағзасына оңай сіңетін диеталық майларға жатады, оны А және В тобының дәрумендерімен қамтамасыз етеді. Салауатты тамақтануға ұмтылатын тұтынушылар үшін  арналған.

Мақсары  майы құрамындағы май қышқылдарының негізгі бөлігін құрайтын линол  қышқылы алмастырылмайтынға жатады, яғни адам  ағзасында  синтезделуі  мүмкін  емес.

Ол  тері мен басқа да органдардың өсуі мен молығуына, қызмет етуі үшін айрықша қажет. Сондайақ, адамның денсаулығына май қышқылдарының пайдалы әсері де қызығушылық тудырады. Олардың әлеуетті терапиялық қасиеттері антиканцерогенді, анти-отеросклерозға қарсы әсер ету, дене салмағының әлсіз ұлғаюында өсуді белсендіру болып табылады.

Мақсары майы   линол қышқылын (conjugated linoleic fatty acids – CLA) өндіру үшін табиғи шикізат   болып табылады. Зат алмасуды тездетеді, жету қиын жерлерде майлардың ыдырауына  ықпал  етеді.

 

Tel.: +7 7252 538382

E-mail: shymkentmay@donya.kz

Шымкент Май в Instagram Шымкент Май в Facebook      

 
МЕНЮ