Шаруашылық сабын 65%
Шаруашылық сабын 65% 130гр, 150гр, 170 гр, 200гр, 220гр, 250гр, с выемкой и без выемки -300гр. оралмаған
Шаруашылық сабын 65% 200гр, 280гр, 300гр, оралған
"Шымкентмай" АҚ таза табиғи шикізат - өзі өндіретін өсімдік майынан жасалынатын кір сабынды өндіруші болып табылады. Көп адамдар кір сабын - өткеннің сарқыншағы, жетілдірілген жуғыш құралдар жоқ кезде ойлап табылған деп ойлайды. Алайда нағыз әйелдер кір сабынның артықшылығын жақсы түсінеді. Міне сондықтан да ол бүгінгі күні де үлкен сұранысқа ие. Бала кезімізден үйреншікті және жақсы таныс кір сабын көптеген пайдалы қасиеттерге ие, тұрмыста ғана қолданылып қоймай, косметологиялық мақсатта да, тіпті емдеу үшін де қолданылады. Таза табиғи шикізаттан жасалынған кір сабынның қасиеттері:
- Біріншіден, табиғи және экологиялық таза өнім. Қатты кір сабын майлы қышқылдардың натрий тұздары болып табылады және өсімдік майлары мен қолдану кезінде оның тұтынушылық қасиеттерін жақсартатын жоғары сапалы арнайы қоспалардан дайындалады.
- Екіншіден, кір сабын сілтілік балансқа ие (рН 11-12), соның арқасында тіпті қатты сіңген кірлерді де кетіре алады. Салқын суда да, ыстық суда да жууға болады. Жүннен тоқылған бұйымдарды кір сабынмен жуу пайдалы екені анықталған, олар үлпілдек әрі жұмсақ бола түседі.
- Үшіншіден, кір сабынның бактерияға қарсы қасиетке ие екені дәлелденген. Ол медицинада антисептик ретінде қолданылады және өндірістік үй-жайларды тазалау кезінде таптырмайтын құрал.
- Төртіншіден, адам үшін толық зиянсыз, себебі тек қана табиғи құрамдас бөліктерден тұрады. Ол аллергия тудырмайды (тіпті жас балалардың киімдерін жууға болады) және теріні тітіркендіргіш әсері жоқ.