Сонымен, еңбегі еленіп, марапатталған азаматтар: жылдың үздік кәсіпкері — Қ.Молдасейітов, Ш.Әбдиев және Р.Сухов. Жылдың үздік өнеркәсіп кәсіпорны — «Зерде Керамик» ЖШС, «HILL Corp» ЖШС, «Назар Текстиль» ЖШС. Жылдың үздік инновациялық жобасы — «Кентау трансформатор зауыты» АҚ мен «Химфарм» ЖШС және «KARLSKRONA LC AB» ЖШС. Кәсіпкерлікті қолдау бойынша жылдың үздік әкімдігі — Ордабасы, Түлкібас аудандары мен Түркістан қаласы.
Жиында сөз алған аймақ басшысы кәсіпкерліктің ел экономикасында орны ерекше екеніне тоқталып, өңірімізге алдағы бес жылдықта шетелдік және отандық инвесторларды тарту бойынша жұмыстардың жанданатынын, мемлекеттік жекеменшік әріптестігі аясында аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетіліп, балабақшалар мен мектептердің, сондай-ақ, өзге де әлеуметтік нысандардың құрылысы жүретінін жеткізді.
Айта кетейік, облыста шағын және орта кәсіппен айналысатын 186 мың кәсіпкер бар.
"Шымкентмай" АҚ " Облыстың үздік экспорттаушы" атағын жеңіп алған болатын. Біздің кәсіпорын тамақ өнімдері саласынан біздің ауданда емес, сонымен қатар Республика бойынша ірі экспорттаушы көшбасшысы мәртебесін растап отыр. Қазір "Шымкентмай" АҚ: Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Иран, Ауғанстан, Қытай мен Еуропа елдеріне өнімдерді экспорттап жатыр.
"Шымкентмай" АҚ басшылығы кәсіпорынның қызметкерлерін осы жетістік үшін алғысын білдіреді және құттықтайды!