2015 жылдың 30 қараша айында ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің № 909 бұйрығымен жұмыс берушінің қызметін декларациалау ережесі (әрі қарай- Ереже) бекітілген,2016ж. 1 қаңтар айынан бастап күшіне енеді. Еңбек заңнамаларын сақтау үшін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында жаңа Еңбек Кодексіне сәйкес қабылданды.
Жұмыс берушінің қызмет декларациясы - бұл жұмыс берушінің берген өтініші негізінде, оның Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес, тану іс-шаралар рәсімі болып табылады.
Шымкентмай АҚ өз қарамағынан ОҚО еңбек инспекциясының басқармасына Шымкентмай АҚ тәуелсіз кәсіподақ комитетімен бірлескен жұмыс берушінің қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау жөніндегі декларациалауға қатысу үшін декларациялау-өтінішін жазып тапсырды.
ОҚО Еңбек инспекциясының басқармасы кәсіпорынды мұқият тексеруден кейін біздің компания Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының барлық талаптарына сәйкес екені дәлелденді, және кеше 4 наурыз 2016ж, бізге үш жылға арналған Сенім сертификаты № 001 берілді.

 

 

Tel.: +7 7252 538382

E-mail: shymkentmay@donya.kz

Шымкент Май в Instagram Шымкент Май в Facebook      

 
МЕНЮ