«Шымкентмай» компаниясы ISO9001: 2015, ISO 14001: 2015 халықаралық стандарттарының жаңартылған нұсқаларына сәтті көшті. 2018 жылдың 12 ақпанынан бастап 16 ақпанына дейінгі кезеңде компания осы стандарттарға сәйкес сыртқы аттестаттау аудитін өткізді.
Инспекциялау, сараптау, тестілеу және сертификаттау саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылатын «SGS Kazakhstan LTD» халықаралық компаниясының сыртқы аудиторлар командасы сапа менеджменті жүйесінің, экологияның, азық-түлік қауіпсіздігі мен энергияны басқарудың БМЖ-н тексеріп, сәтті өткенін растайды.
«Шымкентмай» АҚ сыртқы аудитінің нәтижелері бойынша барлық мүдделі тараптарға өнімнің жоғары сапасы мен қауіпсіздігін растайтын және кепілдік беретін халықаралық сәйкестік сертификаттары берілді.