Шымкентте отандық тауар өндірушілердің көрме-жәрмеңкесі өтті. Көрмеде Шымкент және Түркістан облысының әкімдерінің қатысуымен келген қонақтарға қазақстандық кәсіпорындарда шығарылған көп түрлі тауарлар түрі ұсынылды. Бұл көрмеге «Шымкентмай» АҚ-да қатысты. Кәсіпорында шамамен 700 адам жұмыс істейді. Компанияның өнімдері нарықта өз орындарын ұзақ және сенімді түрде иеленген.
200-ден астам компания өз өнімдерін «Оңтүстік өнімдері» атты көрме-жәрмеңкеге әкелді. Бұл былтырғы жылдан екі есе көп. Олардың көпшілігі көрмеге бірнеше жылдан бері қатысып келеді. Мұнда жәрмеңкеге жаңадан келген 20 кәсіпкер бар. Олардың арасында киім тігетін, пішетін және кашемир көрпелер мен меринос, түйе жүнінен жамылғы өндірушілеріде бар.
Еліміздің түрлі кәсіпорындарынан үш мыңнан астам өкілдері көрме орталығында болды. Алуан түрлі экспозициялар келген келушілердің көз жауын алды. Қатысушылар павильондарында азық-түлік, киім-кешек, сувенирлердің неше түрлерін кездестіріп, сатып алуға мүмкіндік болды. Келушілердің көңіл-күйін көтеруге тірі оркестр ойнап қызмет көрсетті.