«Шымкентмай» АҚ осындай форматтағы Бірінші форумға қатысты, онда екі елдің премьер-министрінің бірінші орынбасарлары деңгейінде өткізу туралы шешім қабылданды. Делегацияны Қазақстанның премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин және Өзбекстан елінің премьер-министрінің бірінші орынбасары Ачилбай Раматов басқарды.
Форумның тақырыбы өнеркәсіптік кооперация болды. Оның мақсаты - екі елдің өңірлері арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдете түсу. Форумның жұмысына Өзбекстаннан 200-ге жуық қонақ, оның ішінде 60-тан астам өзбек компанияларының өкілдері қатысты. Қазақстан тарапынан 200-ден астам адам ат салысты, олар мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар мен отандық кәсіпорындар өкілдері.
Ақырғы кездесудің басты тақырыбы екі елдің бірлескен шекарасы арқылы азаматтардың, жүктер мен көлік құралдарының жүріп өтуі үшін қолайлы жағдай жасау мүмкіндігін талқылау болды. Форумның қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы 13 құжатқа қол қойылды.