Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі үздік кәсіпкерлерді марапаттады. Шымкенттегі «Риксос Хадиша» қонақ үйінде кәсіпкерлік саладағы жыл үздіктерін құттықтаудың салтанатты рәсімі өтіп, 39 азамат 13 аталым бойынша марапатталды.

Осымен екі жыл қатарынан Наурыз мейрамы қарсаңында Отандық тамақ өнеркәсібінің көшбасшылары АҚ «Шымкентмай» және ЖШС «Алтын Дән» бірігіп, Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарын дәмді бауырсақтарымен қуантып жатыр. 

Спорт гимнастикасы бойынша ҚР жас чемпионатын өткізу үшін «ОҚО гимнастика федерациясы» АҚ-на қолдау көрсету мақсатында «Шымкентмай» АҚ 100000 теңгеге демеушілік көмек көрсетті.

ОҚО әкімі мен «Шымкентмай» АҚ арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумы шегінде 13.08.2013ж. бизнестің біріккен әлеуметтік жауапкершілігі шегінде әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бойынша «№2 Төлеби  алалар үйі» ММ-не біздің мекеме қайырымдылық көмегін көрсетті.Балалар үйіне көрсетілген көмектің жалпы сомасы 3 млн 200 мың теңгеден жоғары.

 

Tel.: +7 7252 538382

E-mail: shymkentmay@donya.kz

     

 
МЕНЮ